Бөлімшеде ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, интернационалист жауынгерлер, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқан адамдар, Семей өңірінің (радиациялық қаупі жоғары өңірдің) тұрғындары, Семей ядролық полигонының радиациялық қаупі жоғары аймағында әскери қызмет өткерген адамдар емделеді.
50 төсектік бөлімше 2 қабатта орналасқан.
Бөлімшеде санитарлық тораппен жабдықталған 12 палата (3, 4 орындық) бар.
Әр палатада тоңазытқыш, теледидар бар.
Медициналық көмекті көрсететін:
Салтанат Елбергенқызы Елшиева — бөлімше меңгерушісі, жоғары біліктілік санатты дәрігер невропатолог, денсаулық сақтау үздігі;
Наргиза Равшанбекқызы Абиева — невропатолог дәрігері;
Сәуле Бекенқызы Елеуова — бөлімнің аға мейірбикесі.
Бөлімше дәрігерлері, сондай-ақ орта медицина қызметкерлері үнемі біліктілігін арттырудан өтеді, республикалық, облыстық және халықаралық конференцияларға қатысады.
Жүйке жүйесі аурулары бар пациенттерді (орталық нерв жүйесінің нейродегенеративті аурулары, паркинсонизм, мидың және жұлынның созылмалы тамыр аурулары, орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары, экстрапирамидалық жүйе аурулары, миастения, сирингомиелия, амиотрофиялық бүйірлік склероз, тұқым қуалайтын және жүре пайда болған мишықтық тозулар, шашыраңқы склероз, орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары, вертеброгенді патология, полинейропатия, тунелдік синдромдар және т. б.) емдеу және диагностикалау жүргізіледі.
Неврологиялық бөлімшеде пациенттерді тексеру және емдеу үшін барлық жағдайлар жасалған, госпиталь базасында мынандай тексерудің диагностикалық әдістері кеңінен қолданылады: компьютерлік томография, электроэнцефалография, рентген диагностикасы, ішкі ағзаларды және қалқанша безді УДЗ-тексеру, эхокардиография және тексерудің басқа да қажетті әдістері.
Пациенттердің көрсеткіштері бойынша басқа бейіндегі мамандар:
- эндокринолог;
- хирург,
- уролог;
- офтальмолог;
- оториноларинголог кеңес береді.
ҚР ДСМ бекіткен диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге ауруларды емдеу асырылады.
Науқастарды емдеуде сараланған тәсіл қолданылады. Бөлімше дәрігерлері пациенттерді емдеуде дәрі-дәрмек-диагностикалық кешенді ғана емес, физиотерапиялық емдеу, массаж, су-балшықпен емдеу, гирудотерапия, инерефлексотерапия әдістерін де кеңінен қолданады.