Ардагер госпиталь аспаздарына айрықша алғыс айтты – Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталы
«Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінің» ардагері, «Оңалту» бөлімінде ем қабылдаған Губкина Ольга Олегқызы медициналық мекемедегі қызмет сапасының жоғары деңгейіне, ас мәзірі мен тағам сапасына тәнті болып, ұжым атына алғысын жаудырды.
Ардагер өз сөзінде мекеменің аспаздарына айрықша рақметін айтты:
«Барлығы көңілімнен шықты. Госпитальдің ерекше берекесі бар. Қызметкерлер де қағілез, байқампаз. Бізге деген құрметі ерекше. Өтініш айтса қалсаң, сөзге келмейді, қолынан келген көмегін аямайды. Әсіресе, аспаздардың еңбегі ерен. Тағамдары дәмді, сіңімді, тойымды. Алдыңа алуан түрді тағамды тосады. Мереке күндері ас мәзірі тіптен құлпырып кетеді», – деді ардагер Ольга Олегқызы.
Сонымен қатар, Ольга Олегқызы госпиталь дәрігері Саят Маратұлына құрметін жеткізіп, кәсіби қызметіне толайым табыстар тіледі. Сөз соңында «Отан соғысы ардагерлеріне арналған госпитальге» сөзсіз қайта ат басын бұратынын, өз қызметіне адал жандардың ортасына оралатынын ерекше ықыласпен жеткізді.
Деніңіз сау болсын! Көңіліңізде әрдайым көктем бүршік атсын, құрметті Ольга Олегқызы!
Ардагер госпиталь аспаздарына айрықша алғыс айтты