«Терапия» бөлімінің емделушісі Бердыкенов Жайдарбек Раймбекұлы төтенше жағдайларда қызмет атқарған госпиталь мамандарына алғыс білдірді. Қауырт кезде қажетті іс-қимыл көрсеткен азаматтардың кәсіби біліктілігіне баға беріп, өз ықыласын танытты.
Өскемен қаласынан келген ардагер ұжым дәрігерлерінің сапалы қызметіне ғана емес, жер дүмпуі кезіндегі сауатты шешіміне, салқынқанды болмысына тоқталды:
«Мекеменің үздік қызметіне қатысты қарапайым ғана мысал айтайын. Жер сілкінісі кезінде госпиталь басшылығы барлық жағдайды өз бақылауына алды. Артық даурығу, дабырасыз барлық емделушілерді сыртқа шығарды. Барлық госпиталь ұжымына толайым табыс тілеймін. Әрқашан осылай жүзі жайнап, емделушілерді күліп қарсы ала берсін», – деді Ауған соғысының ардагері.

Естеріңізде болса, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жер сілкінісі кезінде “Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі” абыройлы қызмет атқарды. Жұмыс жүрісінен жаңылмай барлық ардагерлерімізге қажетті көмек көрсетіліп, арнайы іс-шаралар қолға алынды. Медициналық мекеме басшысы басшысы Гаухар Тазабекқызы болған жер сілкінісіне қатысты пікір білдіріп, медициналық мекеменің қызметі жайлы баяндады.
– Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі” мекемесі өз қызметін қалыпты режимде жалғастырып жатыр. Ардақты ардагерлеріміз госпиталь мамандарының қамқорлығы мен бақылауында. Апатты жағдайлардағы сақтық шаралары мен қажетті іс-қимылға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекемеміздегі барлық бөлімдер медициналық қызметін жалғастырып жатыр. Халқымыз, ардақты ардагерлеріміз аман болсын! Бас аман, бауыр бауырыңыз бүтін болғай, – деді Гаухар Тазабекқызы.
Ардагер төтенше жағдайда қызмет еткен госпиталь мамандарына тәнті болды