Бос жұмыс орындары​ – Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталы

Бос жұмыс орындары

1. Эпидемиолог-дәрігер

 

Лауазымдық міндеттері: Медициналық персоналдың кәсіптік инфекциясының алдын алу бойынша қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша кәсіптік қызметті жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қоршаған орта факторларын бақылаудың және жұқпалы ауруларды диагностикалаудың заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін пайдалана отырып, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, «Эпидемиология» мамандығы бойынша арнайы медициналық дайындық.

 

2. Сарапшы-дәрігер

 

Лауазымдық міндеттері: халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына сараптама жүргізеді, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің орындалуын бақылайды. Емдеу-диагностикалық іс-шараларға ретроспективті талдау жүргізеді, Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді. Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Халыққа қызмет көрсетуде инновациялық технологияларды енгізеді. Талдау нәтижелері бойынша халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының дәрежесін зерделейді, пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) сол жерде шешеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім; денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша маман сертификаты; тиісті мамандық бойынша жоғары санат.

 

3. Дене шынықтыру бойынша нұсқаушы

 

Лауазымдық міндеттері: аурудың нозологиялық формасын, патологиялық процестің ауырлығын және науқастың дене шынықтыруын ескере отырып, емдік гимнастика схемаларын және оларға физикалық жаттығулар кешендерін жасайды. Дене жаттығуларын көрсетеді және науқастарды оларды орындау кезінде сақтандыруды жүзеге асырады. Науқастардың дене жаттығуларын дұрыс орындауын және төзімділігін бақылайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (медициналық, дене шынықтыру) білім, тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат.

 

4. Санитар

 

Лауазымдық міндеттері: санитарлық нормаларға сәйкес үй-жайларды жинайды. Науқастарға күтім жасайды, жатқан науқастардың төсек жанындағы тумбочкаларын (үстелдерін) әрбір тамақтан кейін жинайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бастауыш немесе орта жалпы білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 

5. Диеталық мейірбике

 

Лауазымдық міндеттері: денсаулық сақтау ұйымдарында емдік тамақтануды ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, күнделікті мәзірлерді, тағамдардың картотекасын, мәзір-орналасуларды жасайды; емдік тамақтануды дайындау жөніндегі нұсқаулықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; науқастарға тамақ беру тәртібін; азық-түлік берілістерін қабылдауды жүзеге асырады; тағам мөлшерінің химиялық құрамы мен қуаттылығын жүйелі түрде бақылайды, тағамдарды зертханалық зерттеуге жібереді; дайындалатын тағамның сапасына жауапты болады; ас бөліміндегі санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі», «Гигиена және эпидемиология» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) медициналық білім, «Диетологиядағы мейіргер ісі» мамандығы бойынша сертификаттық курстан өткені туралы сертификат; жоғары (мейіргер) медициналық білімі және орта білімнен кейінгі білімі болған кезде (бакалавриат) біліктілігі орташа денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.

Мекен-жайымыз: Әбіш Кекілбайұлы к-сі, 129 а