Госпиталь басшысы болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, халқымызға амандық тіледі – Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталы
“Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінің” басшысы Гаухар Тазабекқызы Алматы қаласында болған жер сілкінісіне қатысты пікір білдіріп, медициналық мекеменің қазігі қызметі жайлы баяндады. Сонымен қатар, емделушілердің қауіпсіздігі мен денсаулығы жіті бақылауда екендігін хабарлап, халқымызға амандық тіледі:
– Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі” мекемесі өз қызметін қалыпты режимде жалғастырып жатыр. Ардақты ардагерлеріміз госпиталь мамандарының қамқорлығы мен бақылауында. Апатты жағдайлардағы сақтық шаралары мен қажетті іс-қимылға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекемеміздегі барлық бөлімдер медициналық қызметін жалғастырып жатыр. Халқымыз, ардақты ардагерлеріміз аман болсын! Бас аман, бауыр бауырыңыз бүтін болғай, – деді Гаухар Тазабекқызы.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!
Госпиталь басшысы болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, халқымызға амандық тіледі