«AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалының «Госпиталь ҰОСМА» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті – Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталы

Бүгін Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальде «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалының «Госпиталь ҰОСМА» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Күн тәртібінде осы аталған партияның саяси тұғырнамасының жобасын талқылау және кезектен тыс XXIX конференциясына делегат сайлау мәселесі қаралды. Осыған орай госпиталь қызметкерлері арасынан директордың орынбасары Ринат Тастайбекұлын ұсынып, жиналысқа қатысқан 28 партия мүшелері бірауыздан қолдады.

Әріптесімізге сәттілік тілейміз және сенім артамыз.

«AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалының «Госпиталь ҰОСМА» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті