Күндізгі стационарға жататын контингент:
- Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдар. 1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар.
- 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан қатысқан адамдар.
- 1979 жылғы 1 желтоқсан мен 1989 жылғы желтоқсан аралығында Ауғанстанға жіберілген қызметшілер. интернационалист-жауынгерлер (ИЖ), Таулы Қарабақтардағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар.
- ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар: ЕМҚ (еңбек майданының қатысушысы).
Біздің контингент үшін жүргізілетін зерттеу түрлері:
— Зертханалық тексерулер: ЖҚТ, ЖНТ, БХҚТ, Коагулограмма, қалқанша безінің гормондарына арналған ИФЗ.
— Аспаптық тексерулер (Рентгенография, ЭКГ, іш қуысы мен қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуі,, ЭХОКГ, ФГДС)
— ейінді мамандардың консультациялары: Кардиолог, Невропатолог, Уролог, Окулист, Хирург, Стоматолог, Психотерапевт, Физиотерапевт.
— Физиотерапия.