
Терапия бөлімі
ШЖҚ РМК «ОСМРКГ» терапия бөлімшесі құрылған сәттен бастап және осы уақытқа дейін әр түрлі бейіндегі аурулары бар пациенттерге білікті көмек көрсетеді.
Госпитальдің бұл бөлімшесі жыл сайын терапевтік бейіндегі:
- жүректің ишемиялық ауруы
- гипертониялық ауру
- қант диабеті
- ишемиялық кардиомиопатия
- созылмалы гастрит
- созылмалы холецистит
- ӨСОА, бронх демікпесі
- остеоартроз
- ревматоидты артрит
аурулары бар 1600-ден астам науқасты емдеуге қабылдайды.
Бөлімшеде мүгедектер мен ҰОС қатысушылары; интернационалист-жауынгерлер; Чернобыль АЭС (ЛПИИ-Ч) апатын жоюға қатысқан адамдар; Семей өңірінің (жоғары радиациялық қауіп өңірінің) тұрғындары, Семей ядролық полигонының (ЛПИИ-С) жоғары радиациялық қауіп аймағында әскери қызмет өткерген адамдар ем алады.
Емдеуге жатқызу жоспарлы тәртіппен Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан және Алматы қаласынан жолдама бойынша жүргізіледі.
Бөлімше қоры
Медицинаның осы саласындағы теориялық тұжырымдамалар мен соңғы әзірлемелерді ең бай практикалық жұмыс тәжірибесімен үйлестіретін білікті дәрігерлер. Тәжірибелі қызметкерлерде егде жастағы адамдардың ауруларын диагностикалау және емдеу дағдылары бар, өйткені пациенттердің шамамен 60%-ы 60 жастан асқан адамдар. Мұнда жұмыс істейтін мамандар жоспарлы пациенттерге медициналық қызмет көрсетумен қатар пациенттерге ұқыпты қарау дәстүрін сақтай отырып, консультациялық көмек көрсетеді.
Бөлімшеде меңгеруші, 2 дәрігер, 12 мейірбике және 5 санитар жұмыс істейді.
Құралай Жұмаханқызы Әшірбекова – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, терапевт-герантолог;
Мурумбаева Динара Джаксылыковна – бірінші санатты дәрігер, терапевт-нефролог;
Дузеева Айнур – терапевт;
Тамаева Маржан Жетписбаевна – бөлімнің аға мейірбикесі.
Барлық дәрігерлердің мамандығы бойынша сертификаты бар. Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Сондай-ақ, дәрігерлер тақырыптық мектептерде оқиды, жаңа дағдыларды игеру кезінде қосымша сертификаттар алады.
Бөлімше жеткілікті мөлшерде стандартты дәрілік заттармен (микробқа қарсы құралдар, аллергияға қарсы заттар, «шокқа қарсы дәрі қобдишасы», бронх демікпесі ұстамаларын тоқтатуға арналған дәрі-дәрмектер, кристаллоидты және коллоидты ерітінділер, антикоагулянттар және фибринолитиктер, дәрумендер, ілеспе патологияны емдеу дәрілері және т.б.) қамтамасыз етілген. Бөлімше шығыс материалымен – бір реттік шприцтермен, дәрі тамызғыш жүйелермен, перифериялық тамырларға арналған катетерлермен, қолғаптармен және т. б. жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Терапия бөлімі ыңғайлы, жақсы жөнделген үй-жайларда орналасқан. Бөлімнің безендірілуі эмоционалдық жағдайға жақсы әсер етеді, науқастарды тез оңалтуға ықпал етеді.

Әшірбекова Құралай Жұмаханқызы
Бөлім меңгерушісі, МҒК, жоғары санатты дәрігер.

Мурумбаева Динара Джаксылыковна
Бірінші санатты дәрігер, терапевт-нефролог

Дузеева Айнур
Терапевт - дәрігері

Тамаева Маржан Жетписбаевна
Бөлімнің аға мейірбикесі