
Бос жұмыс орындары
Сарапшы-дәрігер
Лауазымдық міндеттері: халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына сараптама жүргізеді, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің орындалуын бақылайды. Емдеу-диагностикалық іс-шараларға ретроспективті талдау жүргізеді, Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді. Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Халыққа қызмет көрсетуде инновациялық технологияларды енгізеді. Талдау нәтижелері бойынша халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының дәрежесін зерделейді, пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) сол жерде шешеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім; денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша маман сертификаты; тиісті мамандық бойынша жоғары санат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жөніндегі маман
Лауазымдық міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу, Госпиталь қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік әдеп кодексін сақтауын бақылау, мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингтеу және реттеу.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл.
Санитар
Лауазымдық міндеттері: санитарлық нормаларға сәйкес үй-жайларды жинайды. Науқастарға күтім жасайды, жатқан науқастардың төсек жанындағы тумбочкаларын (үстелдерін) әрбір тамақтан кейін жинайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бастауыш немесе орта жалпы білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Ішкі аудит қызметінің басшысы
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1)экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе аудит саласындағы жоғары кәсіптік білімі бар;
2)аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі – кемінде бес жыл;
3) басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі - кемінде 3 (үш) жыл;
4) Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және ішкі аудиттің халықаралық қаржылық кәсіби стандарттарын білу;
5) мынадай куәліктердің немесе сертификаттардың біреуінің болуы: CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификат; аудитордың біліктілік куәлігі немесе АССА (Association of Certified Chartered Accountants) тұрақты бухгалтерінің сертификаты, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтердің сертификаты, немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы, немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты; CISA (Certified information systems auditor) немесе CISM (Certified information security manager), немесе ITIL (Information technology infrastructure library); CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy), CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) сертификаты, басқа ұқсас халықаралық танылған куәлік немесе сертификат;
6) мемлекеттік тілді білу.