Контактілер
Контактілер

Құрметті достар!

Сізді жеке блогыма қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда мен ауруханамыздың ең маңызды оқиғаларымен бөлісемін, сонымен қатар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беремін.

Біз диалогқа ашықпыз және сіздің барлық ұсыныстарыңызды міндетті түрде қарастырамыз!

— Жұмасейітова Гаухар Тазабекқызы
Республикалық клиникалық аурухананың директоры

Жиі қойылатын сұрақтар

         Госпиталь мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде консультациялық-диагностикалық, стационарлық, стационарды алмастыратын және оңалтушы медициналық көмек көрсетеді.

       Тәулік бойғы стационар жағдайында терапиялық бөлімше, неврологиялық бөлімше, көп бейінді оңалту бөлімшесі, көп бейінді ақылы бөлімше, сондай-ақ күндізгі стационар жұмыс істейді.

        Госпиталь жарғылық қызмет шеңберінде Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетеді.

        ТМККК шеңберінде және/немесе МӘМС жүйесінде пациентті емдеуге жатқызу «Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек жоспарлы түрде көрсетілетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-258/2020 бұйрығына сәйкес жергілікті жерлерде алғашқы медициналық-санитариялық көмек немесе денсаулық сақтау ұйымы мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

          Госпиталь МӘМС қаржыландыру пакеті аясында тәулік бойы стационар жағдайында екінші кезеңдегі оңалту медициналық көмегін көрсетеді. Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес екінші кезең – бұл аурудың немесе жарақаттың алғашқы 6 айы ішінде жіті және ерте қалпына келтіру кезеңдерінде медициналық оңалтуды жүргізу болып табылады.

          Көп бейінді оңалту бөлімшесінде неврология және нейрохирургия, травматология-ортопедия, кардиология (оның ішінде кардиохирургия) бейіндері бойынша қалпына келтіру емі және медициналық оңалту жүргізіледі.м

Жауабын таппадың ба?

Сұрағыңызды

директорға қойыңыз!

Тек сұрауым керек...