
Көрсетілетін қызметтер
ҰОС госпиталінде медициналық оңалтудың бірегей тәжірибесі жинақталған. Мынандай медициналық қызметтер ұсынылады:
ҚР ДСМ «Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК Алматы қаласының орталығында орналасқан. Госпитальде емдеу емшараларының кең таңдауын ұсынуға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен және аппаратурамен жабдықталған емдеу-диагностикалық корпусы бар. Климаттық емдеу мүмкіндіктерін табиғи минералды сумен сәтті үйлестіру – емдеудің керемет нәтижелерін береді. Емдеу орталығының минералды су көзі бар. Минералды су құрамы бойынша кремний қышқылымен және фтормен байытылған тұрақты хлорид-сульфат-натрий құрамының азотты әлсіз минералданған сілтілі гипертемасы (42-44гр.) болып табылады.
Біз әр пациентке арналған
жеке қалпына келтіру курсын қуанышпен ұсынамыз:
- Мемлекеттік тапсырысқа (ТМККК шеңберінде) сәйкес жеңілдіктер бойынша Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген адамдарға тегін мамандандырылған медициналық көмек көрсету
- Бекітілген контингентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсету (бейінді мамандардың консультациялары, зертханалық диагностиканың кең спектрі, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық диагностикалау, эндоскопия, стоматология)
- Стационарлық көмек көрсету
- Оңалту іс-шаралары (су балшығымен физиотерапия, массаж, бассейні бар ЕДШ кабинеті, омыртқаны су астында созу).
Бассейн
Инерефлексотерапия
Тұз шахтасы
Балшық ванналары
Массаж
Жеке емдеу курсы
– Терапевт, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, уролог, хирург, лор, стоматолог, дерматолог, психотерапевт және т.б. дәрігерлердің консультациясын алуға болады
– Ақылы бөлім. Құны — тәулік бойы емдеуге жату 10 000 теңге.
– Гидроколонотерапия — испандық жабдықта ішекті тазарту.
Бір реттік шығын материалы. Емшараның құны — 6 000 теңге
– Гирудотерапия — сүліктермен емдеу. Сүліктің құны — 1 200 теңге
– «Андрогин» аппаратында еркек жыныс аймағын емдеу.
Емшараның құны — 3 500 теңге.
– 25 метрлік бассейн қызметтері.
– Тұз шахтасы — 1 400 теңге.
– Жалпы массаж — 4 500 теңге.
Мануальды терапия, остеопатия, бұлшықет релаксациясы бойынша бірегей маманның көмегі көрсетіледі. Құны 2 500 теңгеден бастап.
Анықтама алу телефоны: Аширбекова Куралай Жумахановна +7 727 395-15-42 ішкі. 111
Жұмыс уақыты; 14-00-ден 17-00-ге дейін.
Демалыс күндері – сенбі, жексенбі