Құрметті ата-әже, іні-қарындас, бауырлар, әріптестерім, баршаңызды келіп жеткен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Наурыз – күн мен түннің теңелер шағы. Береке мен бірліктің, ізгілік пен татулықтың бастауы, пейіліміздің түзеліп, көңіліміздің кеңейетін шағы.
Наурыз келсе, құт келеді,- деген екен, дана халқымыз. Олай болса, биылғы жыл басы әз Наурыз, әрбір шаңыраққа өзінің құтымен, ырысымен, несібесімен, ырзығымен енсін. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, жақындарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын деп тілеймін.
Ізгі ниетпен: Отан соғысы ардагерлеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь директорының м.а Алмас Полатұлы
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!