25 – қазан – Республика күніне Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь ұжымы бір кісідей атсалысып, зор ықыласпен дайындалды.
Госпиталь директорының м.а. Алмас Полатұлы, әрістестерін Республика күнімен құттықтап: «Ел егемендігі жолында жұмыла еңбек етіп, Қазақстанның дамуына жаппай үлес қосып отырсыздар. Госпитальге ем алуға келген қаншама жан сіздерге алғысын жаудыруда. Дендеріңіз сау, мерейлеріңіз үстем, жақындарыңыз аман болсын, -деген тілегін арнады.
Сондай-ақ, бүгін бас аспаз Утарбаева Айгүл Бахытқызы, физио-бөлімінің шаруа медбикесі Сармакова Сәуле Қарабалақызы, электрик Түктібаев Төрехан Сансызбайұлын «Алғыс хатпен» марапаттады.
Ал дәріхана меңгерушісі, провизор Гүлнара Құрманқожақызы Кимадиева, клиникалық зертханасы мен консультациялық-диагностикалық бөлімшенің рентген-зертханашысы Набигүл Өкенқызы Алдибаева, бассейн және ЕДШ кабинеті бар физиотерапия бөлімшесінің мейірбикесі Күнсұлу Қайруллақызы Қожамқұлова мен күндізгі стационар мейірбикесі Қабдулаева Ғалия Ғаниқызына ҚР Денсаулық министрлігінің арнайы дипломы мен төс белгісін табыстады.
Мереке құтты болсын, әріптестер! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш боп, көк байрағымыз қашанда көкте желбіресін!