Тәуелсіздіктің үздік дәрігері! – Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталы

Зәуре Жолдасбекқызы – Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальдің күндізгі бөлім меңгерушісі.

Қашанда алдына келген науқасты күліп қарсы алатын Зәуре Жолдасбекқызы, менің әкем инженер, анам орыс тілінен сабақ берді. Тұқымымызда дәрігер болмады. Менің бала күнімде атам қант диабетімен ауырды. Аяғы көп іріңдейтін. Мектепте оқып жүргенімде, осы атамды емдесем, жаны ауырмайтындай жағдай жасасам деп армандайтынмын. Сол арманым мені медицинаға жетеледі. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Тіпті екі ұлыма қазірден дәрігер болыңдар деп айтып жүрмін. Әрине жұмысымыз оңай емес, қиындығы көп.

Бірде емханада үлкен қарт кісі инфаркт алып, көмектескенім бар. Жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалдық. Кейіннен келіп рахметін айтты. Ал ковид-19 кезінде реанимацияда жатқан апаға психологиялық демеу жасап, қолдан келгенше емдедік. Тіпті ана дүниеден суырып алдық десек те болады. Бүгінде дін аман. Қазірге дейін хабарласып тұрады.

Тәуелсіз елдің жастарына оқыңдар деймін. Медицинаны таңдаңыздар, қорқудың қажеті жоқ, бұл өмірде жаны қиналған науқас жанға көмектескеннен артық ештеме жоқ. Еліміздің медицинасы дами берсін, – дейді.

Тәуелсіздіктің үздік дәрігері!