«Жанашыр жандар ордасы – госпиталіміздегі» жылы лебіздер сериясынан…. – Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталы
Арақты ардагерлеріміздің жылы лебізі ақ халатты абзал жандарымызды қанаттардырады, көңілін құтайтып, еңбегінің еленгеніне, құрметінің артқанына куәлік болады. Тіршілігінде толайым істерімен көпке үлгі болып, өнегенің көркем өрнегін сызған ардақты ата-апаларымыз госпиталь ұжымына шексіз алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Госпиталь қабырғасында өткерген күндерінде ардагерлер ерекше құрметке бөленіп, тән саулығы мен жан саулығының «тостағанын толтырды».
Атап айтқанда, Ауған соғысының ардагері, құрметті емделушіміз Боженкова Ирина Валентиновна госпиталь ұжымына деген ерекше құрметін хабарлап, дәрігер, бөлім меңгерушісі Нұрман Тілеуқұлұлы мен дәрігер Гаухар Рақымбайқызына алғыс білдірді. Сондай-ақ, оңалу бағдарламасының үш курсын толық алып, денсаулығына дәру тапқан ардақты ардагеріміз дәрігерлерге де, мейірбикелерге де ыстық ықыласын айтты. Күш-қайратының толысқанына қуанатынын жеткізді.
Ал 1955 жылы дүниеге келген ардақты ардагеріміз Егорова Татьяна Александровна «оңалту» бөлімінде жағдайының жақсарғанын айтып, ауыр жарақатынан госпиталь ұжымының қолдауымен жазылып келе жатқанын жеткізді. Отаның сәтті жасалғанын айтып, денсаулықтың қорғанына айналған «Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі» атты құтты шаңыраққа келгеніне қуанатынын айтты.
Мұнымен қоса, 1946 жылы туған құрметті ардагер, ішкі жарығына байланысты ота жасатқан Ли Людмила Евгеньевна да емделушілердің сөзін қостап, денсаулығын оңалтқан госпитальдегі қызмет сапасының жоғары дәрежесі жайлы хабарлады. Мекемедегі жайлылық жайын сөз етіп, денсаулығына деген уайымнан арылғанын қуанышпен мәлімдеді.
Әрбір ардақты ардагеріміздің ақ батасы мен ақ жарма тілегі, ыстық ықыласы мен қызмет сапасына қатысты ерекше лебізі дәрігерлердің жанын жадыратып, мекемеміздің мерейін асқақтата түседі. Тәлімі мен тілегін айтқан ардагерлерімізге мың да бір алғыс!
«Жанашыр жандар ордасы – госпиталіміздегі» жылы лебіздер сериясынан….