Ұжымымыздағы білікті маман, құрметті мейірбике, мейірім көзімен айналасына шуақ шашқан Сая Ережепова 60 жасқа толды.
«Қастерлі кәсібін өз нәсібім» деп таныған Сая Ережепованың ғибратты ғұмыры өнегеге тұнып тұр. Қазақы ортадан шыққан Сая апайымыз көпшіл көңілімен ел ортасында өсті. Жанашыр болмысы, елгезек келбетімен 1989 жылдың сәуір айында еңбек жолына аяқ басып, «Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінде» қызметін бастады.
«Терапия бөлімшесіне» келген әрбір жанға мейірімін төгіп, ізгілікпен тілдесіп, тән шипасы мен жан шипасын алуына жәрдемдесті. Көп ардагердің көңілін тауып, мекемеміздің мерейлі тұлғасына айналды.
Бүгін Сая Ережепованы мерейлі жасқа келуімен «Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінің» басшысы Джумасеитова Гаухар Тазабеккызы арнайы құттықтап, ақ тілегін жаудырды. Құттықтау қағазын табыстап, ұжым атынан ерекше сый ұсынды. Госпиталь ұжымы да Сая Ережепованың қуанышына ортақтасып, ыстық ықыласын танытты.
Бір ерекшелігі, Сая Ережепова өзінің адал миссиясынан күні бүгінге дейін айныған емес.
Әріптестерінің айтуынша, Сая Ережепова өз жұмысына адал, шапшаң әрі ұқыпты маман. Өзіне жүктелген міндеттерді қалтқысыз атқарып, темірдей тәртіптің талабымен шыңдалады. Жас мамандарға ілгілікпен ерекше ықыласын төгіп, мол тәжірибе бөліседі.
Құрметті Сая Ережепова, сізді мерейлі 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Болмысыңыз биік, көңіліңіз көркем, өміріңіз мағыналы сәттерге болы болсын! Қызметте табысты, өмірде бақытты болыңыз. Жаныңыз жамандық көрмесін!
Ұмымызбен бөлісер қуанышты күндеріңіз, аяулы сәттеріңіз көп болғай!