Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальдің ұжымы Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында
Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған байқауға екі мақала, 4 видеоролик дайындап, ұсынған еді.
Өткен аптада Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ кітапханасында денсаулық сақтау жүйесіндегі тіл мамандарының Республикалық форумы өтті. Осы форумда жеңімпаздар анықталды. Біздің госпиталь ұжымы өте белсенді атсалысқаны үшін дипломмен марапатталды және материал дайындаған қызметкерлерге, оның ішінде Ринат Тастайбекұлы, Перизат Өмірәлі, Салтанат Бегасилова, Әлима Кеншімбаева мен Мөлдір Балтабайға «Диплом» және «Алғыс хат» берілді. Жүзден жүйрік танылған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! «Көп түкірсе, көл», – демей ме?! Бірлігіміз артып, ұжым боп биіктерді бағындыра берейік. Ал ұйымдасып жасаған тірлік, қашанда нәтижелі болатыны сөзсіз.