Ізгілік пен мейірім атаулыны өн бойына тұтастырған мейірбан мейірбике, абзалдықты арқау еткен кәсіби маман Саягүл Қайруллақызы мерейлі 60 жасты алқымдады.
Саягүл Қайруллақызының өнегелі өмірі көпке үлгі, тындырымды әрі тыңғылықты ісі әріптестерімізге өнеге, ардақты ардагерлерімізге мақтаныш.
Қызметіне өмірінің мәні есебінде қарайтын Саягүл Қайруллақызы жемісті де жеңісті 40 жылын «Неврология» бөлімінің жандануына, жаңа сапаға көтерілуіне жұмсады. Қалтқысыз қызметімен көпшілік құрметіне бөленді.
Содан да болар, мерейтой қарсаңында жүрегін жақсылыққа толтырған құрметті маманымызға ұжым басшысы Гаухар Тазабекқызы құттықтау хаты мен ықылас гүлін табыстады.


фото: Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталы
«Сізді 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өмір жолыңызда білікті маман ретінде қызметіңізді, кәсіби шеберлігіңізді жоғары бағалаймын және шынайы алғыс білдіреміз. Ұзақ жылдар бойы осы салаға сіңірген зор еңбегіңізбен жемісті қызметіңіз өзіңізді зор құрметке бөлем келеді. Сізге зор денсаулық, мол бақыт және бақ-береке тілейміз» деген тілек барша ұжымның көңілінде қатталып, мекеме мамандарының көңілін қуаныш кернеді.
Құрметті Досмамбетова Саягүл Қайруллақызы! Ұжым атынан сізді мерейлі 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Бел-белестеріңіз биік, абыройыңыз асқақ, болмысыңыз дәйім көркем болсын!
Мейірбан жанның мерейтойы. Саягүл Қайруллақызы 60 жасқа толды